Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы» КММ мамандары 2022 жылғы 29 қараша мен 1 желтоқсанда ақпараттық жүйелерді толтыру бойынша көмек көрсету мақсатында Қостанай ауданы мен Рудный қаласының білім беру ұйымдары үшін консультациялық семинарлар өткізді.
Семинарға ақпараттық жүйелерді толтыру бойынша білім беру ұйымдарынан жауапты тұлғалар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Барлық қатысушылар семинарға белсенді қатысып, өзекті сұрақтарын қойды. Семинарлар аясында қатысушыларға ақпараттық жүйелерді дұрыс және уақтылы толтыру бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ қатысушылар өз ұсыныстарын енгізді.