«SMART Bolashaq» КҚ және Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ өкілдерімен кәсіптік бағдар беру бойынша семинар.

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында «SMART Bolashaq» Корпоративтік қорымен және Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім Академиясымен бірлесіп Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы Қостанай ауданының білім бөлімінің №1 Заречный жалпы білім беретін мектебі КММ базасында  кәсіптік бағдар беру жұмысына жетекшілік ететін облыстың білім бөлімдерінің аудандық/қалалық әдіскерлеріне және жалпы білім беретін мектептердің кәсіптік бағдар берушілеріне семинар өткізді. Семинар жұмысына 80-нен астам адам қатысты. Семинар спикерлері: Достанова А.К., Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ өкілі, Кождан А.К., «SMART Bolashaq» корпоративтік қорының менеджері.

Спикер А. К. Досанова Ы.Алтынсариин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Maman» менің таңдауым – менің болашағым – «Профессия» мой выбор-мое будущее бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттерін ашты. Қазіргі мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының үлгісін ашып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Спикер А. К. Кождан «САНАЛЫ МАНСАП» заманауи цифрлық технологияларын қолдана отырып, балалар мен жастарды кәсіптік бағдарлау жүйесін жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарламаға егжей-тегжейлі тоқталды. Оның негізгі мақсаты еңбек нарығының өзекті және перспективалық талаптарымен оның жеке әлеуетін (мүдделерін, бейімділіктерін, қабілеттерін) үйлестіру негізінде білім алушының жеке білім беру-мансаптық траекториясын саналы түрде құруды қамтамасыз ететін кәсіптік бағдарлаудың кешенді экожүйесін құру және енгізу болып табылады. Жасанды интеллект технологиялары негізінде жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларын кәсіптік бағдарлауға арналған «SMART Bolashaq» кешенді платформасы болып табылатын интерактивті панельді таныстырды. Мектептегі кәсіптік бағдарлаудың цифрлық моделі ретінде платформаның диагностикалық құралдарына қол жеткізуді көрсетті!

Бұл семинар кәсіптік бағдар беру жұмысын жаңғыртуда және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізуде маңызды қадам болды!

Previous Кәсіптік бағдарлау онлайн-семинарларын аяқтау туралы

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін