Блок “В1-5», әдіскер, уақытша бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 110000, Қостанай қ., Гоголь көшесі 75, анықтама үшін телефондар 8(7142) 21-16-41, электрондық мекенжайы: kense@mcioko.edu.kz

блок “В1-5», әдіскер, уақытша бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 163 520 теңгеден 182634 теңгеге дейін. (2 бірлік)

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы с 14 қаңтардан 22 қаңтар аралығында.

Конкурстық құжаттаманың көшірмелерін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша және тізбеге сәйкес сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде ұсынуға болады.

Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

11) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ӘДІСКЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

Облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын, цифрлық және зияткерлік білім беру шешімдерін қолдану мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырады.

Жасанды интеллекттің заманауи технологиялары, цифрлық құралдар туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарында қолданудың оң педагогикалық тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады.

Білім беруде жасанды интеллект технологияларын енгізу және пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік семинарларды, ғылыми-әдістемелік конференцияларды, педагогикалық оқуларды, шеберлік сыныптарын, воркшоптарды, облыстық деңгейдегі педагогтердің кәсіби шеберлігі конкурстарын және әдістемелік сүйемелдеудің өзге де нысандарын ұйымдастырады және өткізеді.

Жасанды интеллект технологияларын, цифрлық білім беру ресурстарын енгізу және білім мазмұнын жасанды интеллектті қолдана отырып жаңарту мәселелері бойынша педагог қызметкерлерге консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.

Нәтижелі педагогикалық тәжірибені жүйелейді және жинақтайды, білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың тиімділігіне мониторинг жүргізеді, педагог қызметкерлердің әдістемелік және оқу материалдарына сараптама жасайды.

Білім беру қызметінде жасанды интеллект технологияларын енгізу және қолдану мәселелері бойынша педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, жұмыс және шығармашылық топтарының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдарды, оқу-әдістемелік материалдарды және практикалық құралдарды әзірлейді және оларды қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері арқылы педагог қызметкерлерге жеткізеді.

Облыс педагог қызметкерлерінің жасанды интеллект технологиялары мен цифрлық білім беру шешімдерін қолдану бөлігіндегі қызметі туралы ақпаратты жинауды, талдауды және мониторингтеуді жүзеге асырады.

Previous Информатика пәні мұғалімдерінің отырысы

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін