Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арналған білім беру гранттары туралы

Energo University (Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) өкілдерімен оф-лайн кездесу барысында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Кадылбеков Ермек Камалбекулы ЖОО-ның су тасқынынан зардап шеккен облыстардың ауыл тұрғындары үшін энергетикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары тобына (ГОП В062) 10 білім беру грантын бөлгені туралы хабарлады. Білім беру гранттары түлектерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында бөлінген. Сонымен қатар, Energo University оларға жатақханаларында тұрудың жеңілдікті шарттарын ұсынуға дайын.
Барлық мәліметтерді Университеттің қабылдау комиссиясынан мына телефондар арқылы білуге болады: +77273231175, +77076006493

Previous Офлайн форматта кәсіптік бағдар беру туралы

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін