Energo University (Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) өкілдерімен оф-лайн кездесу барысында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Кадылбеков Ермек Камалбекулы ЖОО-ның су тасқынынан зардап шеккен облыстардың ауыл тұрғындары үшін энергетикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары тобына (ГОП В062) 10 білім беру грантын бөлгені туралы хабарлады. Білім беру гранттары түлектерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында бөлінген. Сонымен қатар, Energo University оларға жатақханаларында тұрудың жеңілдікті шарттарын ұсынуға дайын.
Барлық мәліметтерді Университеттің қабылдау комиссиясынан мына телефондар арқылы білуге болады: +77273231175, +77076006493