Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы “Bilimland” ЖШС бірлесіп облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтеріне Bilimland/Onlinemektep цифрлық білім беру ресурсын пайдалану бойынша онлайн оқыту ВЕБИНАРЛАРЫН өткізді.
Мұғалімдердің назарына дәстүрлі және қашықтықтан оқытуда қолдануға арналған білім беру платформасының ресурстары ұсынылды.
Онлайн-вебинарға мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 1200 астам мектеп педагогтары қатысты.
Қатысушылар вебинарға белсенді қатысып, өзекті сұрақтарына жауап алды. Соңында қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді.
