Жұмыс жоспарына сәйкес, оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығының сапасын арттыру шеңберінде 2023 жылғы 23 ақпанда Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы информатика мұғалімдерінің шығармашылық тобының кезекті отырысын өткізді.
Жұмыс барысында облысымыздың пән мұғалімдері пән бойынша әр түрлі білім беру платформаларын қарастырып, әр түрлі тапсырмалар әзірлеген.Тапсырмаларда оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамытуға, аналитикалық және креативті ойлауға, ашық типтегі сұрақтарды, пайымдау сұрақтарын қолдануға ерекше назар аударылады. Жұмыс соңында барлық педагогтарға алғыс хаттар табысталды.