«Жасанды интеллект және цифрлық әлемнің сын-қатерлері» халықаралық конференциясы
Қостанайда университеттің негізін қалаушы – академик Зұлхарнай Алдамжардың құрметіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Малайзия, Индонезия, Ресей және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ғалымдары, сарапшылары мен университет өкілдері қатысты.
Бағдарлама барысында жасанды интеллекттің негізгі даму бағыттары талқыланды: ЖИ-ді енгізудегі этикалық стандарттар, білім беруді трансформациялау, жаңа буынның цифрлық экожүйелері, қазақ тілі үшін генеративті модельдер әзірлеу, сондай-ақ ЖИ-тің өнеркәсіптегі қолданылуы.
Конференция халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын және академик Алдамжардың отандық ғылым мен білімді дамытудағы рөлін атап өтті.





