2023 жылдың 8 ақпанында Физика-математика лицейінде Дәулетбаев Тобыл Еслямғалиұлы атындағы «Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының табысты кілті – жас ұрпақтың интеллектуалдық әлеуеті» атты оқушылардың Х аймақтық ғылыми-практикалық
конференциясы өтті.
Қорытынды кезеңге 470 жобамен 70 мектептен 528 қатысушы қатысты.
Конференциямыздың құзыретті қазылар алқасының мүшелері «Қостанай облысы А.Байтұрсынов атындағы университеті» мамандары, «Челябі мемлекеттік университеті»,«М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» мамандары, «Қостанай педагогикалық колледжі» мамандары, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ақпараттық және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығы» және «Қостанай дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталығы» мамандары қатысушылардың барлық өнерлерін бағалап, әділ шешімдерін шығарды. Олар баяндамашыларға бағыт-бағдар беріп, кеңес беріп, қолдау көрсетті.
Конференцияның қатысушылары жүлделі орындар мен номинациялар үшін грамоталармен марапатталды.