Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде “Ақпараттық-талдау орталығы” АҚ Қазақстанның TALIS-2024 оқыту мен оқытуды халықаралық зерттеуге қатысуы бойынша іс-шаралар өткізеді.
TALIS-мұғалімдердің жұмыс жағдайлары мен мектептердегі білім беру ортасын зерттейтін ең ауқымды халықаралық зерттеу. Облыстың іріктелген білім беру ұйымдарының қатысушыларын TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне сапалы дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 16 ақпанында “TALIS-2024 халықаралық апрабациялық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу” тақырыбында оқыту вебинары өткізілді.
Вебинар барысында зерттеуді жүргізудің ұйымдастырушылық мәселелері қозғалды, сондай-ақ зерттеуге қатысушылардың негізгі функциялары түсіндірілді, қысқаша талдамалық анықтама ұсынылды.
Апрабациялық зерттеу жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды. Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының сауалнамаларын сапалы толтыру және нысандарды толтыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.