Конференция: Білім берудегі менеджменттің заманауи үрдістері
12 желтоқсанда біздің Орталық STEM Academia компаниясымен және Психологиялық қолдау өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Білім берудегі менеджменттің заманауи үрдістері» атты конференция өткізді.
💡 Конференцияның негізгі бағыты мектептерде STEM-білім беруді енгізуге және білім беру мекемелерін басқарудың заманауи тәсілдеріне аударылды.
🎤 Спикерлер:
🔹 Кистаубаев Магжан, STEM Academia компаниясының даму және ғылыми зерттеулер жөніндегі директоры заманауи білім берудің үрдістері мен сын-қатерлері туралы айтты.
🔹 Петренко Елена, «ПҚӨОӘО» КММ директоры кәмелетке толмағандар арасында буллинг пен суицидтің алдын алудың маңызды мәселелерін қозғады.
🔹 STEM Academia компаниясының өкілдері білім беру үдерісіне инновацияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.
💼 Мастер-класстар:
🔸 Жанат Нуркина мектеп директорлары үшін заманауи басқару шешімдерін енгізу бойынша практикалық шеберлік сабағын өткізді.
🔸 Жараспай Мажит қатысушыларды оқушыларды оқытуда жаңа көкжиектер ашатын STEM-жабдықтармен жұмыс істеуге үйретті.
📋 Іс-шараға облыс мектептерінің 160 директоры қатысты, олардың әрқайсысы қатысушы сертификатын алды.
✨ Конференция тәжірибе алмасу, өзекті білім беру трендтерін талқылау және мектепте білім беру сапасын арттыру жолдарын іздеу алаңына айналды.
🌍 STEM білім беру-бұл креативті ойлауға, ғылым мен технологияны нақты өмірде қолдануға қабілетті жаңа ұрпақты қалыптастырудың жолы.
📚 Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
#STEMAcademia#ЗаманауиБілім#БілімберудегіМенеджмент#МектепрердеSTEM#БілімберудегіИнновациялар