2023 жылдың 25 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыр және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы» КММ Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «ROBOLAND-2023» VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді.
Фестивальдің негізгі міндеттері:
- Роботтарды жобалау және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушылар мен студенттерді анықтау және қолдау.
- Ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау және жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру.
- Жастардың өзекті инженерлік-техникалық міндеттерді практикалық шешу және техникамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Балалар мен жастардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына деген қызығушылығын ынталандыру.
- Білім беру ортасында ғылыми-техникалық және инженерлік бағыттарды дамытуға жәрдемдесу.
- Мектеп оқушылары үшін көрме және жарыс алаңдарын ұсыну.
- Білім берудің инновациялық технологиялары бойынша кәсіби командалар санын көбейту.
Фестивальге Алтынсарин, Жітіқара, Жангелдин, Қостанай, Сарыкөл аудандарының, Лисковск қаласының, Б.Майлин ауданының, Рудный және Қостанай қалаларының оқушылары келді. Жарыс 7 санат бойынша өтті.
Фестиваль демеушілерінің арқасында «ROBOLAND» компаниясы «Мини-сумо», «Кеглринг – квадро», «Биатлон» катериялары үшін жаңа алаңдар, сондай-ақ осы іс-шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін сыйлықтар сатып алды.
Іріктеу жарыстарының жеңімпаздары біздің облысты ағымдағы жылдың қараша айында Қарағанды қаласында өтетін «ROBOLAND-2023» VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде таныстырады.
«Роботты жина» санаты (7-8 жас)
1 орын – «Қостанай қаласының білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі» КММ (Журина Алиса, Қарабут Кирилл, жетекшісі Козка Асем Калдыбековна);
3 орын – «Сарыкөл ауданының білім бөлімінің №1 Урицкая жалпы білім беретін мектебі» КММ (Саута Александр, Ежов Равиль, жетекшісі Дандыбаев Сагадат Толегенович).
«Роботты жина» санаты (9-11 жас)
1 орын – «Қостанай ауданының білім бөлімінің Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы» КММ (Авзалов Айдар, Мұхамет Санжар, жетекшісі Кравченко Ксения Александровна);
2 орын – «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» КММ (Кормильцев Владислав, Назаров Ахмет, жетекшісі Бикбулатова Анна Валентиновна), «Қостанай қаласының білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ (Тяпунов Владислав, Суворов Роман, жетекшісі Немцов Александр Александрович);
3 орын-«Қостанай қаласының білім бөлімінің физика-математика лицейі» КММ (Сливко Илья, Немцов Артем, жетекшісі Немцов Александр Александрович).
Шығармашылық санат (10-14 жас)
1 орын – «Рудный қаласының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ (Дангилов Нұрлыбек, Жұмабай Мағжан, жетекшісі Карамергенов Арман Мерекеевич);
2 орын – «Жангелді ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ (Жетпісбай Наурызбек, Сайлау Нұржан, жетекшісі Галымова Алия Алимовна).
Шығармашылық санат (15-18 жас)
1 орын-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ (Мырзатаев Нұралы, Улитлиева Айдана, жетекшісі Жаппасбаева Гүлбаршин Айткуловна);
2 орын – «Қостанай қаласының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ (Осетров Вадим, Федорук Евгений, Черномазов Алексей, жетекшісі Бектасов Бауыржан Аргынгельдинович);
3 орын – «Дарынды балаларға арналған Білім-ИННОВАЦИЯ Лицей-интернаты» КММ (Уакбаев Ахмед, Суйналин Азамат, Базарбаев Ернар, жетекшісі Жуманиязов Махмуд Айгабилович), “Қостанай қаласының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі” КММ (Золотарев Максим, Сарманов Артур, жетекшісі Нуржанов Мурат Турсынбаевич).
«Биатлон» санаты
1 орын – «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің Балалар өнер мектебі» КММ (Байжанов Алмаз, Рекрут Иван, жетекшісі Приз Артем Александрович);
2 орын – «Қостанай қаласының білім бөлімінің А. М. Горький атындағы гимназиясы» КММ (Бейгузин Александр, жетекшісі Лисовский Андрей Владимирович);
3 орын – «Қостанай қаласының білім бөлімінің Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ (Чирик Леонид, Павлов Матвей, басшылары Оспанов Адлет Сабыржанович, Сулейменов Самат Нурланович).
«Сумо» санаты
1 орын – “Лисаков қаласы білім бөлімінің Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы” КМҚК (Гусев Даниил, жетекшісі Волошин Сергей Васильевич);
2 орын – “Сарыкөл ауданының білім бөлімінің №1 Урицкая жалпы білім беретін мектебі” КММ (Недыхалов Даниил, Жундубаев Алинур, жетекшісі Дандыбаев Сагадат Тулегенович);
3 орын – “Қостанай қаласының білім бөлімінің Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі” КММ (Абдыгалиев Тамирлан, Алибеков Алихан, жетекшісі Оспанов Адлет Сабыржанович, Сүлейменов Самат Нурланович.
«Кегельринг-квадро х2» санаты
1 орын-«Рудный қаласының білім бөлімінің №10 мектеп-гимназияс» КММ (Пшеничников Роман, жетекшісі Серкибаев Дмитрий Адылканович);
2 орын – «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің Балалар өнер мектебі» КММ (Кузьмин Дмитрий, Трубицын Данил, жетекшісі Приз Артем Александрович);
3 орын – «Лисаков қаласының білім бөлімінің Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК (Савочкин Матвей, Шульдайс Владислав, жетекшісі Волошин Сергей Васильевич).
«3D прототиптеу» санаты (15-18 жас)
1 орын – «Қостанай қаласының білім бөлімінің физика-математика лицейі» КММ (Цюпай Александр, Трефилов Сергей, жетекшілер Немцова Наталья Викторовна, Немцов Александр Александрович);
2 орын – «Сарыкөл ауданының шығармашылық және жасөспірімдер үйі білім бөлімі» КММ (Лукашевич Сергей, Бандурко Евгений, жетекшісі Дандыбаев Сағадат Төлегенұлы);
3 орын – «Қостанай қаласының білім бөлімінің А.М. Горький атындағы гимназиясы» КММ (Лисовская Ангелина, жетекшісі Лисовский Андрей Владимирович).
«Роботтармен Шоу» санаты
1 орын – «Қостанай қаласының білім бөлімінің Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ (Русаков Александр, Резепов Максим, жетекшісі Оспанов Адлет Сабыржанович, Сулейменов Самат Нурланович);
2 орын – «Дарынды балаларға арналған Білім-ИННОВАЦИЯ Лицей-интернаты» КММ (Алтынбаев Шокан, Жеңісхан Әліби, Аманжолов Дияр, Садуев Баязит, жетекшісі Жуманиязов Махмуд Айгабилович);
3 орын-«Қостанай ауданының білім бөлімінің Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ (Әбдікәрім Жанболат, Бекенова Ақмаржан, жетекшісі Абишев Алмас Эрланович).