2025 жылғы 3 желтоқсанда Қостанай қаласы білім бөлімінің “IQOSTANAY” оқушылар сарайы “RoboLand 2025” Х халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің облыстық кезеңіне 240 қатысушыны қарсы алды. Фестивальдің мақсаты – оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, олардың инженерлік дағдыларын қалыптастыруға, білім беру робототехникасы мен бағдарламалауды танымал етуге, озық тәжірибелермен алмасуға, мықты командаларды анықтауға жәрдемдесу.