Күнделікті өмірде технология маңызды рөл атқаратын әлемде жастарды ғылым, инженерия және технологияны зерттеуге қолдау көрсету және шабыттандыру маңызды. Осы тұрғыда «IQOSTANAY» оқушылар сарайында өткізілген «ROBOLAND-2024» IX Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі ерекше маңызға ие болды.
Бұл фестивальдің мақсаты-роботтарды жобалау және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ жастар арасында техникалық мамандықтарды насихаттау.
9 санатқа 158 оқушы қатысты. Фестиваль қатысушылары роботтарды жасау мен басқаруда, бағдарламалауда, сондай-ақ әртүрлі инженерлік міндеттерді шешуде өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті.