Педагогтің медиасауаттылығы және ақпараттық мәдениеті оның кәсіби дамуының шарты ретінде

«Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылғы 17 қаңтарда Қостанай ауданының «№1 Заречный жалпы білім беретін мектебі» базасында орта білім беру директорларының орынбасарлары үшін «Педагогтің медиасауаттылығы және ақпараттық мәдениеті оның кәсіби дамуының шарты ретінде» атты облыстық семинар өткізді. 

Педагогтар медиасауаттылықтың теориялық негіздерін талқылап қана қоймай, білім беруде заманауи цифрлық құралдарды пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар алды. Медиасауаттылықты оқу пәндеріне біріктірудің тиімді тәсілдері ұсынылды, бұл педагогтарға оқушыларды ақпараттық қоғамдағы өмірге неғұрлым сапалы дайындауға мүмкіндік береді. Семинар қатысушыларға қазіргі уақытта ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білудің және фактілерді фейктерден ажырата білудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Previous

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін