Ережесі
1. Жалпы ереже
Осы ереже дистанциондық суреттер конкурсының өткізу тәртібін, міндеттерін, мақсаттарын анықтайды.
Конкурс барлық білім беру ұйымдарының типтері үшін 2-8 сынып оқушылары үшін жас категориялары бойынша өткізіледі:
-кіші жас категориясы: 2-4 сынып
-орта жас категориясы: 5-6 сынып
-ересектер жас категориясы: 7-8 сынып
2.Конкурстың міндеттері мен мақсаттары
Мақсаты: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар облысында оқушылардың шығармашылық әрекетін жандандыру және балалар бастамасын қолдау арқылы жетекшілікті дамыту.
Тапсырмасы:
- компьютерлік технологиялар облысында танымдық, зияткерлік қабілеттерін, тұлғаның шығармашылық потенциалын дамыту;
- мультипликация және компьютерлік графикамен жұмыс дағдылары және икемділікті жетілдіру және дамыту.
- Балалар көркем шығармашылығын дамыту.
3. Конкурсты өткізу жағдайы
Конкурс сырттай өткізіледі- қазылар бағалауы үшін дайын жұмыстарды ұсыну және тапсырмаларды дайындау. Бұл, суреттер әр түрлі бағдарлама құрал арқылы толық өз бетімен жасалынған, растрлық және векторлық, коллаж, фотомонтаж, екі өлшемді анимациялық графика, үш өлшемді анимациялық графика суреттер болу мүмкін.
Жұмыс тақырыбы: «Менің тәуелсіз Қазақстаным».
Байқауға жеке авторлардың, солай ша үш адамнан көп емес шығармашылық ұжымдардың жұмыстары ұсынылуға мүмкін.
Байқау бойынша жастық категориясына сәйкес әр қатысушы немесе серіктес авторлар ұжымы үшін жекеше жүргізіледі.
Бір қатысушыдан немесе авторлық ұжымнан максималды жұмыс көлемі-1.
Байқауды өткізу және дайындау үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы» КММ мамандарынан тәуелсіз қазылар алқасы комитеті құрылады.
Конкурс қатысушылары тізіміне қосу үшін негіз қатысуға өтінім ұсыну болып табылады.
Конкурстық жұмыстар коммерциялық емес мақсатта конкурс ұйымдастырушыларымен әрі қарай қолданылуы мүмкін.
Конкурсқа келген барлық жұмыстар плагиатқа тексеруден өтеді.
- Конкурстық жұмыстарға ұсынылатын талаптар
Барлық жұмыстар авторлық болу тиіс.
Компьютерлік жұмыстарды жүзеге асыру үшін, әзірлеу құралдары: Paint, Adobe Flash, Adobe PhotoShop, CorelDraw, 3DS Max, және т.б.
Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар, келесі талаптарға қанағаттандырылуы керек: жұмыстар Windows операциялық жүйесімен жеке компьютерде байқауға жарайтын болу тиіс; барлық жұмыстар алдын-ала орнатуды талап етуді қажет етпеуі тиіс.
Adobe PhotoShop бағдарламасында орындалған жұмыстар үшін, бастапқы файлды беру қажет (қабаттардың бірігуісіз *.psd кеңейтумен, яғни бастапқы жұмыс нүсқасын) және *.jpeg кеңейтумен файлы.
CorelDraw бағдарламасында орындалған жұмыстар үшін бастапқы файлын (*.cdr кеңейтумен) және *.jpeg кеңейтумен файлы қажет
Adobe Flash бағдарламасында орындалған анимациялық жұмыстар үшін бастапқы файл қажет (*.fla кеңейтумен және *.swf кеңейтумен файлы).
3DS Max бағдарламасында орындалған анимациялық жұмыстарына талаптар: бастапқы файл қажет (*.max кеңейтумен және *.avi немесе *.mov форматында қорытынды жобасы); көзбен шолу файлы қосымша бағдарламалық қамтамасыздандыруын қажет етпеу керек.
Жұмыстарға келесі ақпаратпен сүйемелеу файлы қоса беріледі:
– жұмыстың аталуы, қысқаша аңдатпасы;
- аты, тегі(толық);
- оқу орынының толық атауы, сынып;
- жетекшінің (мұғалімнің) аты, тегі, әкесінің аты;
- жұмыстың орындалу
- жұмыстың жасау бағытында қолданылған бағдарламалық құралдар және техника.
5.Байқаулық жұмыстардың бағалау белгiсi:
Жұмыстарды қазылар алқасы бағалау жүйесінің 10 балы бойынша бағалайды.
- сюжеттің бірігейлігі;
- ұсынылған тақырыптың жұмыс мазмұнына сәйкес келуі;
- жұмыстың мағыналық аяқталуы;
- орындаудың көркемдік деңгейі (туындының деңгейі, дайындау элементтерінің әрленімі, үйлесімнің түрлі-түсті үйлесуі, композициялық шешімнің сапасы);
- орындаудың техникалық күрделілігі;
- жұмысты орындау сапалығы;
6. Қорытындысын шығару
Конкурс нәтижелері бойынша қазылар мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Конкурс жеңімпаздары тиісті деңгейдегі дипломдармен марапатталады. Әр номинацияда жас категориясы бойынша 3 жеңімпаз (1,2,3 орын) анықталады.
7. Конкурсты өткізу мерзімі
Қатысуға өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау-көрсетілген сілтеме бойынша 2023 жылғы 15-30 қараша аралығында https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfZJwruCCcOegx7NRhZlaUyq6mjyv6sXC5v6CZwMSh6yUai_w/viewform?usp=sharing
Көрсетілген мерзімнен кейін берілген материалдарды Конкурстық комиссия қарамайды.
Байқаудың қорытындысын шығару және марапаттау құжаттарының рәсімдеуі және таратуы – 2023 жылғы 8 желтоқсан.