Екінші жыл Қазақстан PBTS (PISA-Based Test for Schools) халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысады. Зерттеуге республиканың барлық өңірлерінен 1 000-ға жуық мектеп қатысады.
Қостанай облысында PBTS халықаралық зерттеуі 6 қарашадан басталып, 2023 жылдың 29 қарашасында аяқталады.
PBTS зерттеуі 15 жастағы оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалауға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Зерттеудің негізгі міндеттері: оқушылардың білімін, дағдылары мен құзыреттіліктерін одан әрі оқыту және еңбек нарығына сәтті шығу үшін өлшеу; мұғалімдер мен мектеп директорына оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін талдау үшін мәліметтер беру; мектептің климаты, оқушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және олардың оқуға деген ынтасы және басқа да көптеген факторлар туралы ақпарат беру.
Облыс бойынша осы зерттеуде 56 білім беру ұйымы іріктелді, оның ішінде 20 қалалық мектеп, 1 колледж және 35 ауылдық мектеп. Бүгінгі таңда Қостанай қаласының 10 мектебінде «Мектептерге арналған PISA» PBTS зерттеуі жүргізілді және зерттеу өңірлерде А.Байтұрсынов атындағы «Талдау» Білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ Ұлттық байқаушыларының қатысуымен 2 бағытта жалғасуда.