«Мұғалімнің функционалдық сауаттылығы – оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту негізі»

2025 жылдың 7 ақпанында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Мұғалімнің функционалдық сауаттылығы – оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту негізі» тақырыбында форсайт-семинар өткізілді. Шараға облыс педагогтері, әдіскерлер, директордың орынбасарлары және ІТ-мамандарынан 100-ден астам қатысушы жиналды.

Семинар барысында әдістемелік орталықтың қызметкерлері Қасқырбаева К.Б., Бісінғалиева Г.А. және Әбілдина Г.К. қатысушыларды PISA-2025 халықаралық зерттеуінің ерекшеліктерімен, техникалық құралдарға қойылатын талаптармен және оны өткізу тәртібімен таныстырды. 2025 жылы өтетін PISA зерттеулерінің тоғызыншы кезеңіне 89 ел қатысады және ол 15 жасар оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану ғылымдарынан алған білімдері мен дағдыларын нақты өмірлік жағдайларда қолдану қабілетін бағалауға бағытталады. PISA зерттеуінде әр циклде өзгеріп отыратын қосымша бір бағыт бағаланады, ал 2025 жылы басты назар жаратылыстану сауаттылығына аударылады.

Сондай-ақ, педагогтер үшін функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған мастер-класстар өткізілді: «Сабақ барысында функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар қолдану ерекшелігі» (Еришева А.А.), «Сабақ барысында функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар қолдану ерекшелігі» (Төлеміс Ж.С.), «Оқу сауаттылығы: мәтіндерді талдау» (Киябаева С.С.), «Мектеп оқулығындағы тапсырмалар математикалық сауаттылықты дамыту құралы ретінде» (Станогина Н.А.), «STEM Art моделдеу адаптивті ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде» (Харитонова Д.С.), «Оқушылардың оқылым сауаттылығын дамыту» (Самохина И.А.).

Семинардың тақырыбы «Мұғалімнің функционалдық сауаттылығы – оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту негізі» мұғалімдерді білім сапасын жақсарту және оқушыларды заманауи әлемде табысты өмір сүруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету үшін дайындаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – олардың болашағына маңызды инвестиция!

Previous «Бір тұтас тәрбие»

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін