Халықаралық “Информатика Ғылымдар Апталығы” аясында “Қазақстандағы Код сағаты”акциясы өткізілуде.
“Код сағаты” – бұл барлық деңгейдегі оқушыларға арналған қызықты тапсырмалар мен бейнелер арқылы информатикамен тегін танысу. Биылғы жылы бағдарламалау және жасанды интеллект мерекесі 400-ден астам серіктестердің, 20 000 оқытушылардың және 58 000 еріктілердің қолдауымен өтеді.
Іс-шараның мақсаты-оқушылардың ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру. “Қазақстандағы Код сағаты” акциясы 4-10 желтоқсан аралығында барлық білім беру ұйымдарында өткізіледі.
