2024 жылғы 13 қарашада Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы 2024-2025 оқу жылына арналған облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдері басшыларының қызметін бағалау үшін KPI іске асыру бойынша онлайн семинар ұйымдастырды.
Семинар жұмысына облыс аудандарының/қалаларының білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, орта білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Спикерлер ретінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері сөз сөйледі: құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру басқармасының басшысы Омарова Дина Мукашевна, бас менеджер Стаева Ақбота Ерайқызы. Олар семинарға қатысушыларды жалпы білім беретін мектеп педагогтері үшін халықаралық тағылымдамаларды ұйымдастырудың негізгі шарттарымен егжей-тегжейлі таныстырды. Дайындықтың негізгі сәттеріне тоқталды: тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар, қажетті құжаттар пакеті және т. б. семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Еске салайық! Халықаралық стипендия беру және БОЛАШАҚ тағылымдамасы бойынша толық ақпаратты “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ сайтынан алуға болады: @bolashak.gov.kz