Хакатонның негізгі тақырыбы: білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану.

Республикалық Хакатон
Павлодарда Ақпараттық технологиялар колледжінің базасында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған республикалық Хакатон өтті. Хакатонның негізгі тақырыбы: білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану. Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері: Говако Роман және Давлетшин Максим “жасанды интеллект енгізумен білім беру платформасының мобильді қосымшасы”әзірлеуге қатысты. Платформада тестілеу, жасанды интеллект арқылы емтиханға дайындық функциялары енгізілген. Сарапшылар бұл жобаның өзектілігі мен маңыздылығын бағалады.
Хакатон бағдарламасында оқытушылардан, студенттерден және әлеуметтік серіктестерден коучинг-тренингтер мен шеберлік сыныптары өткізілді.

Previous «Мектептегі ғылыми-зерттеу қызметі білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту факторы ретінде»

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін