Кәсіптік бағдарлау онлайн-семинарларын аяқтау туралы

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы медициналық жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген 10-11 сынып оқушыларына арналған онлайн форматтағы кәсіптік бағдарлау семинарларының сериясын аяқтады. Семинарлар ZOOM платформасында ұйымдастырылды. Семинарға 1120-дан астам адам қатысты, оның ішінде білім алушылардың ата-аналары, мектептердің кәсіптік бағдар берушілері, осы бағытқа жетекшілік ететін әдіскерлер).

Семинар спикерлері:

-Токжуманова Г. М., Қарағанды медицина университеті КЕАҚ мансаптық өсу орталығының басшысы

-Искакова С.С., С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің білім алушыларды қабылдау басқармасының басшысы

Спикерлер университеттер ұсынатын білім беру бағдарламалары мен мамандықтар, студенттердің әлеуметтік пакеті, жас мамандарға жұмысқа орналасу перспективалары туралы толық ақпарат берді.  Сонымен қатар, олар университеттердің сайттарымен таныстырды, онда сіз толығырақ ақпарат таба аласыз, болашақ түлектердің назарын оқуға өтініш берер алдында психометриялық тест тапсыруға міндетті екендігіне аударды. Тестті онлайн режимінде тапсыруға болады. Аймақтың әр мектебіне буклеттер мен презентациялар жіберілді.

Осылайша, онлайн семинарлар түлектерге мансапта саналы таңдау жасауға көмектесетін кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша өзара әрекеттесудің тамаша платформасына айналды. Мұндай бастамалар мамандық таңдауға, өңірімізде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу сапасын арттыруға мүдделі екендігінесенімдіміз!

Previous «Инженерия және көлік академиясы»

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін