Кәсіптік бағдар іс жүзінде!

Қостанай облысы білім басқармасының Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатында Қазақстанның алдыңғы қатарлы медициналық және техникалық жоғары оқу орындарымен келісімге келді!

10–11 сынып оқушыларының, олардың ата-аналарының, кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты педагогтер мен сынып жетекшілерінің серіктес жоғары оқу орындарымен өткізілетін тегін онлайн-семинарларға қосылып, қажетті ақпарат алуына мүмкіндік жасау үшін барлық жағдай жасалды.

  • «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ;
  • С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ;
  • «Астана медицина университеті» КЕАҚ;
  • Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
  • Қазақстан-Британ техникалық университеті;
  • Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  • Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
  • М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті;
  • А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті.

Мақсат: Оқушыларға жоғары оқу орындарына түсу шарттары туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың қызығушылығы мен қабілетіне, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысына сәйкес болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу. Жүйелі кәсіптік бағдарлау жұмысы мамандықты кездейсоқ таңдаудың алдын алып, еңбекке деген құндылықты көзқарасты қалыптастырады.

Кәсіптік бағдарға жауапты педагогтерге ескертеміз: онлайн-консультациялар Zoom және Google Meet платформаларында ұйымдастырылады, қосылу сілтемелері алдын ала жіберілетін болады.

Қосылу сілтемелері мен кестесін бақылап отырыңыздар!

Previous Digital Bridge 2025

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін