6 қараша күні Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен бірлесе отырып, облыстық «IT- мұғалім» байқауын өткізді. Бұл байқауға 31 педагог қатысты. 👩🏫👨🏫
🎯 Байқаудың мақсаты — педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту, олардың IT саласындағы кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ заманауи технологияларды оқу процесіне тиімді енгізіп жүрген шығармашыл, бастамашыл мұғалімдерді қолдау.
💡 Қатысушылар Python тілінде бағдарламалау дағдыларын көрсетіп, симуляторларда виртуалды роботтарды басқарды және оқу материалын түсіндіру барысында жасанды интеллект технологияларын қолданды.
🏆 Байқау жеңімпаздары:
🥇 Ержанова Айнагуль Нурдаубаевна — С. Мауленов атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі, Жангелдин ауданы
🥈 Орымбаев Торехан Айдарханович — №22 мектептің информатика пәні мұғалімі, Қостанай қаласы
🥉 Алескеров Андрей Сергеевич — А. Құнанбаев атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі, Қарабалық ауданы
👏 Жеңімпаздарды және байқауға қатысқан барлық педагогтарды шын жүректен құттықтаймыз! Инновация, шығармашылық пен технология Сіздерді жаңа жетістіктерге жетелей берсін! 🚀












