«Цифрлық ресурстар арқылы тәрбие-білім беру процесінің сапасын ұйымдастыру»

2024 жылғы 30 мамырда Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығы «Bilimland» компаниясымен және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесіп Мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтарына «Цифрлық ресурстар арқылы тәрбие-білім беру процесінің сапасын ұйымдастыру» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ аға әдіскері К.С. Кубеева мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтарына әдістемелік қолдау көрсетті.

Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру сапасын арттыру және платформаның көмегімен АКТ құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту мақсатында www.bilimKids.kz «Bilimkids» жобасының әдіскерлері сөз сөйледі.

Семинар аясында Мектепке дейінгі ұйымдар арасында платформаны пайдалану бойынша тәжірибе алмасты: А.Г. Лапко, Меңдіқара ауданының білім бөлімінің «Жас әлем» бөбекжай-бақшасы» КМҚК меңгерушісі, Г.С. Қуанышбаева, Әулиекөл ауданының білім бөлімінің «Балапан» Құсмұрын бөбекжайы» КМҚК әдіскері.

Рудный қаласының мектепке дейінгі ұйымдары «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық қызмет» атты көрме ұйымдастырды.                         

 Сондай-ақ, семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық білім беру деректер базасын толтыру бойынша дұрыс емес деректер мәселесі қаралды.

Семинар соңында Bilimloto лотереясы ұйымдастырылды, онда қатысушылар сыйлық ретінде IQлото және EQлото алды.

Семинарға облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 110-нан астам басшылары мен әдіскерлері қатысты.

Previous I республикалық робототехника фестивалі «RoboZerde-2024»

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін