2025 жылғы 16-17 қазанда Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы BilimClass платформасының мамандарымен бірлесіп «BilimClass платформасын тиімді сынып жетекшілігі үшін пайдалану: сыныппен және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында онлайн оқыту вебинарын өткізді. Вебинардың мақсаты – сынып жетекшілерінің цифрлық құзыреттілігін арттыру және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылармен және олардың ата-аналарымен өзара іс-қимыл жасау үшін bilimclass платформасының мүмкіндіктерін көрсету. Вебинар облыстың білім беру ұйымдарының жауапты мамандары мен сынып жетекшілерін біріктірді.
Кездесу барысында қатысушылар: BilimClass платформасының функционалдығы мен мүмкіндіктерімен танысты; 2-11 сынып оқушыларына арналған бонустық бағдарлама бойынша түсініктемелер алды; қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей эфирде жауаптар алды.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу сынып жетекшілерінің қызметіне цифрлық құралдарды белсенді енгізуге ықпал етеді және мектеп, оқушылар мен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимыл сапасын арттырады.



