«Бір тұтас тәрбие»

2024 жылғы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Федоров, Әулиекөл және Қамысты аудандарының мектеп директорларымен және олардың орынбасарларымен білім басқармасы өкілдерінің  апта сайынғы кездесулері аясында білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім беру сапасын бағалау орталығы» КММ директорының орынбасары О.Т. Хамитованың аудандардағы  білімалушылардың  оқыту сапасы туралы мәселесі қаралды.

Тәрбие жұмысы бойынша  «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде өткізілетін іс-шаралар, оқушыларды спорт секциялары мен үйірмелерге қабылдау қағидалары бойынша білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің Г.А. Сапанова, К. С. Қаратаева және М. Б. Валеева түсіндірме берді.

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы К. А. Исмурзина білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктеме берді. Сондай-ақ, ол мемлекеттік аттестаттауға өзін-өзі бағалау материалдарын дайындау кезінде мектеп әкімшіліктері жіберетін негізгі бұзушылықтарға тоқталды.

Previous РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін