Білім беру ұйымдарындағы ақпараттық қауіпсіздік ұғымына қандай да бір деректерді ұрлау немесе жүйенің конфигурациясына өзгерістер енгізу мақсатында ақпараттық кеңістік пен дербес деректерді кездейсоқ немесе қасақана кіруден қорғауға бағытталған шаралар жүйесі кіреді.
Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығы 2024 жылғы 11 желтоқсанда ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен бірлесіп Қостанай облысының білім беру ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздік бойынша Zoom форматында семинар өткізді.
Семинар барысында ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзу мәселелері талқыланды, білім бөлімдерінің мамандарына ақпараттық қауіпсіздікті бұзушылықтарды жою бойынша алгоритм берілді.