Ағымдағы жылдың 5 ақпанында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Kazakstan AmCorners Network» ҚБ-мен бірлесіп АҚШ – тың Қазақстандағы Дипломатиялық Миссиясының қолдауымен Американдық бұрыштар 3Д модельдеу және Arduino бойынша робототехника мұғалімдеріне арналған оқу-жаттығу жиындарын іске қосты.ОЖЖ мақсаты-жоба саласындағы педагогтардың біліктілігін арттыру.

робототехника: 3D модельдеу, бағдарламалау және электроника бойынша теориялық, практикалық білім және мұғалімнің функционалдық құзыреттілігін арттыру. Алған білімдерін қолдану жобалық робототехника бойынша қалалық, республикалық және халықаралық турнирлерде командалардың нәтижелілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Оқудан кейін «MakerSpace HardwareProjects» робототехника бойынша турнир ұйымдастырылады, онда курс қатысушылары оқытушының жетекшілігімен командалар дайындайды. Оқытуды «Kazakstan AmCorners Network» ҚБ лекторлары жүргізеді.

Previous Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша «GoRoBo-Mendykara» облыстық жарысы 2024 жылғы 24 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімінің Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ базасында өтті.

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін