Ағымдағы жылдың 12-14 тамыз аралығында Қостанай Жоғары педагогикалық колледжінің базасында “BILIMCLASS” электронды журнал және күнделік модулін енгізу бойынша ОТЖО және АКТ орынбасарларына арналған бірқатар оқыту семинарлары өткізілді.

BILIMCLASS-білім беру мекемелеріне оқу бағдарламаларын, әкімшілік тапсырмаларды, оқушылармен және ата-аналармен қарым-қатынасты басқаруға және оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау мен талдауға көмектесетін әртүрлі құралдар мен ресурстарды қамтиды. Экожүйе “bilimclass.kz” онлайн оқыту мүмкіндіктері, оқу жоспарын басқару, оқушылардың үлгерімін бақылау жүйелері, білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалауға арналған аналитикалық құралдар және т.б. қамтуы мүмкін.
Осы цифрлық білім беру платформасы бойынша облыстың 596 педагогы оқытылды.

Previous 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ II ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін