Егер PISA-ның негізгі зерттеуі ел деңгейінде жүргізілсе, онда PBTS әр мектепті бөлек бағалауға мүмкіндік береді. Тестілеу қорытындысы бойынша әр мектеп 15 жасар оқушыларының өз білімдерін тәжірибеде қаншалықты жақсы қолдана алатындығы туралы толық есеп алады (функционалдық сауаттылық).
Семинарға облыс бойынша 55 білім беру ұйымдарының мектеп үйлестірушілері мен АКТ мамандары қатысты. Семинар барысында зерттеудің мақсаттары, оны өткізу тәртібі және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату процесі егжей-тегжейлі түсіндірілді.