2025 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай облысында ІТ-білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды!

КММ «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы» мен ҚМКҚК «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» ақпараттық технологиялар саласында мамандар даярлау және педагогтерге арналған оқыту бағдарламаларын іске асыру мақсатында күш біріктірді.
Құжатқа қол қойғандар:
– Әдістемелік орталықтың директоры Ольга Козлюк,
– Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры Аскар Жаркенов.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары:
педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту,
ІТ саласында жоғары білікті кадрлар даярлау,
білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік байланыстарды кеңейту.
Бұл қадам Қостанай облысында цифрлық білім беруді дамытуға және болашақ мамандарды даярлауға маңызды үлес болмақ.

Previous Қостанай облысындағы білім беруді цифрландыру: цифрлық білім беру жүйелерін пайдалану тәжірибесі.

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін