2024 жылғы 30 сәуірде Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы Kundelik компаниясымен бірлесіп Kundelik MektepMenu жаңартылған функционалымен, мектептегі тамақтану саласындағы өзекті талаптар мен стандарттармен бөлісу мақсатында онлайн-семинар өткізді. Семинар барысында мынадай мәселелер қамтылды: мектептегі тамақтану бойынша заңдармен және нормативтік актілермен танысу; MektepMenu платформасының тұсаукесері; мектеп мәзірін жариялау және ата-аналарға хабарламалар жіберу; тамақтану бойынша есептерді қалыптастыру.
Семинар жұмысына мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға білім бөлімдері мен жалпы білім беретін мектептердің жауапты үйлестірушілері қатысты. Барлық қатысушылар семинарға белсенді қатысып, өзекті сұрақтарына жауап алды.