2023 жылғы 26 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында «Үздік әдіскер-2023» IT – бағыты мәселелеріне жетекшілік ететін әдіскерлер арасында облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты әдіскерлердің инновациялық және кәсіби-маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсібилігін арттыру; білім беру жүйесінде әдіскердің мәртебесін арттыру және оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру болып табылады. Байқауға келесі өңірлер қатысты: Алтынсарин, Жангелдин, Жітіқара, Қостанай, Қарасу, Қамысты, Наурызым, Сарыкөл, Б. Майлин ат. ауданы, Ұзынкөл.
Жүлделі орындарды конкурстық комиссия анықтады.
1 орын – Амантаева Дана Бериковна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері.
2 орын – Орымбаева Альбина Эдиковна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері.
3 орын – Савкина Елена Николаевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинеттің басшысы, әдіскері.
«Электрондық портфолио» номинациясында – Досқалиев Әнуар Әлиханұлы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері және «Әдістемелік жоба» номинациясында – Әбенова Гүлдана Қайыржанқызы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және байқаудың барлық қатысушыларына шығармашылық жетістіктер, сарқылмас қуат, барлық белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды тілейміз.