Қостанай облысындағы білім беруді цифрландыру: цифрлық білім беру жүйелерін пайдалану тәжірибесі.

Қостанай облысында білім беру жүйесіне цифрлық шешімдерді белсенді енгізу жалғасуда. Цифрландырудың негізгі элементтерінің бірі оқу процесінің ашықтығын және мектеп пен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуды қамтамасыз ететін электрондық журналдар мен күнделіктер болды.

Аймақтың 7595-тен астам педагогтары қатысқан сауалнама нәтижелеріне сәйкес, BilimClass отандық платформасы оң баға алды: мұғалімдердің 82,5% оны пайдалануды өте маңызды деп санайды, бұл сенімділікті, қауіпсіздікті және кәсіби қоғамдастықтың болуын көрсетеді; мұғалімдердің 83% – дан астамы техникалық қолдау сапасын, жұмыс тұрақтылығын және интерфейстің ыңғайлылығын оң бағалады, 84,4% платформаны әріптестеріне ұсынуға дайын.

Ата-аналар да белсенділік танытты – 35 000 жуық адам BilimClass пайдалану туралы пікірімен бөлісті, пайдаланушылардың 80,5% жүйенің тұрақты жұмысын, 79,2% – тегін мобильді қосымшаның ыңғайлылығын, 79,1% интуитивті интерфейсті атап өтті. Жалпы, ата-аналардың 79% платформаны ұсынады. Респонденттер атап өткендей, электронды журналдар мен күнделіктерді енгізу мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті, бағалау процесін ашық етті және педагогтар үшін қағазбастылық көлемін қысқартуға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері растайды: Қостанай облысының білім беру саласындағы цифрлық трансформация сенімді қарқынмен дамып келеді. Bilimclass платформасын пайдалану қазіргі мектептің ажырамас бөлігіне айналады және тиімді, технологиялық білім беру ортасын қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

Previous «Шығаруды және көшіруді ресімдеу»

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін