«Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-мен кәсіптік бағдар беру бойынша он-лайн семинар

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығы» КММ Б. Майлин ауданы, Меңдіқара, Жітіқара, Денисов аудандары, Қостанай және Лисаков қалалары жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларына медициналық мамандықтарға түсушілер үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-мен он-лайн семинар өткізді.

Семинарға жалпы білім беретін мектептердің кәсіптік бағдар берушілері, түлектердің ата-аналары, барлығы 145-тен астам адам қатысты. Спикер ретінде мансапты дамыту орталығының жетекшісі Токжуманова Гульжанат Маратовна сөз сөйледі.

Гульжанат Маратовна оқуға түсу, оқу және тұру шарттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Онлайн семинар өте белсенді өтті, 11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Previous 📣«BilimLand цифрлық ұстазы» республикалық байқауы

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін