Қостанай облысында TALIS апробациялық зерттеу жүргізілді
2023 жылғы 6 наурызда “Ақпараттық – талдау орталығы” АҚ Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығымен бірлесіп TALIS-2024 апробациялық халықаралық зерттеуін жүргізді. Біздің облыстан бір ұйым – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный мектеп-лицейі” КММ қатысты. TALIS (Teaching and Learning International Survey) оқыту мен оқу мәселелері бойынша мұғалімдер корпусының халықаралық зерттеуі мектептің білім беру ортасын, мұғалімдердің кәсіби қызметі мен даму жағдайларын ауқымды және беделді халықаралық салыстырмалы зерттеу болып табылады.