Функционалдық сауаттылықты арттыру және математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасын арттыру шеңберінде Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы 2023 жылғы 9 ақпанда қатысушыларға цифрлық білім беру Bilimcenter.kz платформасы бойынша онлайн – вебинар өткізді. Білім алушыларды даярлау кезінде оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамытуға, талдамалық және креативті ойлауға, ашық типтегі сұрақтарды, пайымдау сұрақтарын пайдалануға ерекше назар аударылады.