13 шілдеде аудандық білім бөлімдерінің, арнайы және мамандандырылған мектептердің мамандарымен ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша кезекті семинар өтті. Күн тәртібіне үш негізгі мәселе қойылды:
* барлық білім беру ұйымдарында кең жолақты Интернетке бірыңғай қол жетімділікқосуды аяқтау;
* мазмұнды сүзуді қамтамасыз ету үшін брандмауэрді (қауіпсіздік шлюзі) орнату;
* мектептердің ресми интернет ресурстарында “Ақпараттық қауіпсіздік”бөлімін құру.
“Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы” КММ мамандары білім беру ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарды сақтауға және мектеп қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар арасында ақпараттық қауіпсіздікті бұзушылықтарды болдырмау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударды.
Семинар барысында аудандық білім бөлімдерінің мамандары мектепте контент-сүзуді ұйымдастыру және іске асыру мәселесін көтерді, осы мәселе бойынша өз тәжірибелерімен Қостанай қаласының №115 мектебінің инженері А. М. Ахатов бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.