Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау
әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 10 қазанында Әдістемелік
көмек көрсету мақсатында «А.Байтұрсынов атындағы
«Талдау ұлттық орталығы»АҚ
білім беру статистикасы және жоспарлау департаментінің директоры Увалиева Жанар
Саметқызының қатысуымен білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандарына арналған«Әдістемелік
көмек» практикалық вебинар өткізді.
Мониторинг қорытындысы
бойынша жұмыс барысында «ҰБДҚ» ақпараттық жүйесі бойынша мәселелер талданды,
онда дұрыс емес мәндері бар түсірілімдер, бастауыш білім беру ұйымдарының,
білім бөлімдерінің паспорттары егжей-тегжейлі қаралды, сондай-ақ логиндер мен
парольдерді белсендіру, осы жүйе бойынша дұрыс емес деректерді жою бойынша
ұсыныстар болды.