Жаңа модификацияның тағы бір кабинеті аудан оқушыларына зертханалық және практикалық зерттеу мүмкіндіктерін қолдану арқылы өз білімдерінің сапасын арттыруға және бекітуге мүмкіндік береді.
Наурыз айында жергілікті бюджет қаражаты есебінен № 2 Тобыл ЖББМ үшін шамамен 4 млн. теңге сомасына физика кабинеті сатып алынды.
Бүгінгі таңда аудан мектептерінде 36 пәндік кабинет жұмыс істейді және оқу процесінде пайдаланылады: 15 химия кабинеті, 9 биология кабинеті, 7 физика кабинеті, 2 робототехника кабинеті, 3 IT-кабинет. Сондай – ақ, 2 робототехника кабинеті қосымша білім беру ұйымында-Балалар өнер мектебінде жұмыс істейді.
Соңғы жылдары оқушылардың жаңа технологияларды қолдануға қол жетімділігі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 5 жаңа модификация кабинеті сатып алынды: биология, химия, физика және 2 робототехника кабинеті.