2023 жылғы 8 ақпанда ВКБ режимінде Білім басқармасының аппараттық кеңесі өтті. Осы кеңесте жұмыс мәселелері қаралды, олардың бірі: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Аталған мәселе бойынша “Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы” КММ директоры О.А. Козлюк сөз сөйлеп, өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 38/НҚ бұйрығының талаптарын орындау мәселелерін көтерді.