Заманауи ақпараттық технологиялардың функционалдық қасиеттері білім беру процесіне білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін көптеген мүмкіндіктерді іске асыруды қамтамасыз етеді. Лисаков қаласының жалпы білім беретін мектептерінің әкімшілігі цифрлық платформалар мен цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етті. Білім алушылардың үлгерімін арттыру және барлық деңгейдегі оқушыларды оқу-тәрбие процесіне тарту мақсатында гимназия педагогтары өз жұмысында интерактивті оқу материалдарын, интерактивті оқыту әдістерін, білім беру оқу платформаларын пайдаланады: Kahoot.it, Quizlet.com, Online Test Pad.
Осы бағытты іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізіледі:
1. Кестеге сәйкес 1-11 сыныптарда акт және информатика сабақтарын өткізу.
2. Әр мектепте “Робототехника”, “Білім беру робототехникасы” үйірмелері өткізіледі.
3. Лисаков қаласының білім бөлімінің “№4 жалпы білім беретін мектебі” КММ базасында информатика мұғалімдерінің “Инновациялық технологияларды қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру” қалалық семинары өтті.