2023 жылғы 30 қаңтарда С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл ШГ базасында “Білім беру процесінде цифрлық технологияларды пайдалану сапасын арттыру бойынша білім бөлімінің жұмыс жүйесі”тақырыбында аудандық семинар өткізді. Аталған семинарға білім бөлімінің мамандары мен информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар оқу-тәрбие процесі барысында нәтижелі тәжірибемен, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану, педагогикалық қызметте электрондық білім беру ресурстарын құру және қолдану бойынша педагогикалық қызметтің тиімді үлгілерімен танысты, білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану перспективаларын талқылады. Семинар іскерлік, сындарлы түрде өтті және қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.