Ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өткізді

2022 жылғы 21 қарашада Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы Ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өткізді.

Компьютерлік техниканы есептен шығару мәселесі бойынша білім басқармасының бас бухгалтері В. С. Петрович спикер болып, есептен шығару жөніндегі құжаттарды ресімдеу рәсімі туралы хабардар етті.

Білім беру ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, edu.kz домендік аймаққа көшу және нормативтік құжаттармен жұмыс мәселелері талқыланды, спикер ретінде ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы басшысының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Ж. Ж. Уақбаев сөз сөйледі.

Previous Белсенділік бакылауы

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін