2024-кәсіптік бағдар беру бойынша «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-мен он-лайн сериясын аяқтау туралы

2024 жылдың 3 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырған «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-мен Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлау бойынша онлайн семинарлар сериясы аяқталды. Мамандықтарды таңдау бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысында медициналық мамандыққа байланысты облыс мектептерінің 426 болашақ түлектері қамтылды.  Онлайн семинардың спикері «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Мансап орталығының басшысы Токжуманова Гульжанат Маратовна болды. Университет, білім беру бағдарламалары, түлектердің кәсіби қызметінің салалары мен объектілері, қабылдау және оқыту ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Болашақ түлектер, түлектердің ата-аналары, мектептердің кәсіптік бағдар берушілері жоғарыда аталған университетке түсу және оқу шарттары бойынша қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ректоры Анара Акылбековна Турмухамбетоваға, Басқарма төрағасына ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді.

Previous 28-30 наурызда Қарағанды қаласында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың IX халықаралық фестивалі өтті.

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін