Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдары арасында интернет-ресурстарды жүргізу бойынша вебинар.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» ММ жоспарының негізінде 2023 жылғы 08 ақпанда Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдары арасында интернет – ресурстарды жүргізу бойынша оқыту вебинары өтті. Вебинарға білім бөлімінің мамандары, жалпы білім беретін, негізгі және бастауыш мектептер арасындағы интернет-ресурстарды жүргізуге жауапты қызметкерлер, сайттарға техникалық қолдау көрсететін әкімші қатысты.

Келесі мәселелер қаралды:

  • интернет-ресурстың әкімшілік панелімен жұмыс істеу;
  • жаңалықтар материалдарын жариялау;
  • нормативтік құжаттарды орналастыру;
  • мәзірмен жұмыс.

Аталған вебинарға Алтынсарин ауданының 19 білім беру ұйымы қатысты.

 

2023 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша Алтынсарин ауданындағы білім беру ұйымдарының 100% edu.kz 3 деңгейлі доменінде ресми сайттары бар. Вебинар нәтижелері бойынша интернет-ресурстарды жүргізу бойынша ұсыныстар берілді. Білім беру ұйымдарының веб-сайттарының мазмұны мен толтырылуын, қостілділіктің сақталуын тұрақты бақылауда ұстау және интернет-ресурстардың уақытылы жаңартылуын бақылау тапсырылды.

Previous Цифрлық білім беру платформасы бойынша қатысушыларға арналған Вебинар Bilimcenter.kz.

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін