ҚАРАҒАНДЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ 

3 қарашада “ROBOLAND 2022” робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VII фестивалі аясында Қарағанды кездесулері өтті, шеберлік сыныптары, семинарлар мен пікірталас алаңдары өткізілді.
Біздің жетекші сарапшы Диас Жанұзақов та жұмыс тәжірибесімен бөлісті, секциялық алаңдарда қатысушылар білім беру робототехникасы мен балалардың техникалық шығармашылығын дамыту перспективаларын, STEM-білім беру, ауылдық мектептердегі технологиялар және тағы басқа мәселелерді талқылады.
Қарағанды кездесулеріне Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының қонақтары шақырылды, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері мен облыстық орталықтарының басшылары, сондай-ақ шетелден шақырылған қатысушылар қатысты. Сондай-ақ, Қарағанды облысы педагогтерінің “Құндылықтар негізінде тәрбиелеу және оқыту” тақырыбында әдістемелік өнімдер мен озық әзірлемелердің көрмесі ұйымдастырылды.

Previous Белсенділік бакылауы

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін