2025 жылғы 24 қараша мен 4 желтоқсан аралығында «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы» КММ PISA-Based Test for Schools халықаралық зерттеуін онлайн-форматта ұйымдастырды және өткізді.
PBTS-бұл 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін және олардың стандартты емес жағдайларда білімді қолдану қабілетін анықтауға бағытталған бағалаудың сандық түрі.
Зерттеу аясында үш негізгі бағыт бойынша диагностика жүргізіледі — оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Бағалау когнитивті тапсырмаларды, сондай-ақ білім беру ортасы туралы контекстік деректерді жинауға мүмкіндік беретін сауалнаманы қамтиды.
Биылғы жылы аймақтан PBTS-ке 29 мектеп таңдалды, онда 1033 оқушы тестілеуден өтті. Қазақстан жыл сайын бүкіл ел бойынша 1000 білім беру ұйымынан іріктеме қалыптастырады. Зерттеу қорытындысы бойынша экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жеке және топтық есептер дайындайды. Қатысушылар саны 50 — ден аз және салыстырмалы нәтижелері бар мектептер үшін біріктірілген аналитикалық материалдар, ал ірі үлгілер үшін жеке есептер қалыптастырылады. Алынған деректер білім беру ортасын талдау және өңірде оқыту сапасын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу құралы болады деп күтілуде.







