2025 жылғы 25 қарашада Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы BilimClass платформасының мамандарымен бірлесіп “BilimClass платформасында қашықтықтан сабақ ұйымдастыру тәртібі” тақырыбында онлайн оқыту тренингін өткізді.
Тренингтің мақсаты-оқу материалын сапалы меңгеруге және білім алушылардың оқу жетістіктерін уақтылы бағалауға бағытталған BilimClass платформасында қашықтықтан сабақ өткізудің тиімді, ашық және стандартталған процесін қамтамасыз ету.
Тренинг барысында қатысушылар: онлайн-сабақтарды өткізу үшін BilimClass платформасының функционалдығы мен мүмкіндіктерімен танысты; платформаның цифрлық құралдарымен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен практикалық қадамдық нұсқаулықтар алды; қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей эфирде жауаптар алды.
Тренинг педагогтар үшін цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға, қашықтықтан оқыту құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын нығайтуға және заманауи және сапалы білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік болды.








